Түркістан облысында жол апаты болып, екі адам қаза болды, 17 адам зардап шеккен.
7 тамыз күні кешке Алматы-Ташкент-Термез республикалық маңызы бар тас жолында жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысты.
Polisia.kz сайты автобус жүргізушісі мен бір жолаушының қаза болғанын хабарлады. Ақпаратқа қарағанда, 17 адам зардап шеккен. ІІМ мәліметінше, автобустың дөңгелегі жарылып, жүк көлігі келе жатқан қарсы жолаққа шығып кеткен.
Пікір қалдыру