Биыл қаңтар – тамыз аралығында Қазақстанда сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған 748 адам ұсталыпты.
Өңірлер бойынша жіктегенде жемқорлық жасап жібергендердің көбі Шымкент қаласынан шығыпты: 120 адам. (былтырғыдан бірден 44,6% артық).
Одан кейін Алматы (97 адам), Астана (84 адам) қалалары, Қостанай (48 адам), Ақтөбе, Алматы және Түркістан (әр облыста 38 адам) облыстары.
Сыбайлас жемқорлықпен ең аз адам ұсталған өңірлер Ұлытау (9 адам), Абай (12 адам) және Қызылорда (13 адам) облыстары.
Жемқорлардың 32%-ы пара алу және беру кезінде ұсталды.
Жемқор шенеуніктер арасында «танымал» баптар: алаяқтық (131 адам, 54,1% көбейген), бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе жымқыру (44 адам, 12% азайған), лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану (41 адам, 95,2% көбейген).
Пікір қалдыру