Бұған дейін Верненка ауылдық округі халық арасында қазақшаланып «Алтай ауылы» деп аталатын. Уақыт өте келе аты ресми түрле «Львовка» деп өзгертілген. Дегенмен де, ауыл тұрғындары ауылдың атауын бұрынғы «Алтай» деп аталуына ұсыныс тастады.
Бұл мәселеге қатысты Верненка ауылдық округінің әкімі Алтынай Дүйсембаева ауылдың қазақша атауы қайта өзгертілетінін айтты.
- Ауыл жиынының шешімімен «Львовка» ауылын «Алтай» деп өзгертуді шештік. Барлық құжатты ономастика комиссиясына жібердік. Егер оң нәтиже шығатын болса, Алтай ауылдық округі жіне Алтай ауылы деп өзгертіледі, – дейді.
Айта кетейік, аталмыш ауылдық округте 587 адам тұрады.
Пікір қалдыру