Палестинадағы Газа секторында қазақстандық әйел қаза тапты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Министрліктің хабарлауынша, оның 23 жастағы қызы та атыстан қаза тапқан.
"2023 жылғы 22 қазанда Газа секторын атқылау салдарынан Қазақстан азаматы қаза тапты. Өкінішке қарай, онымен бірге Палестина азаматтығы болған 23 жастағы қызы да қайтыс болды", - деп хабарлады ведомство.
Газа секторының денсаулық министрлігі 7 қазаннан бері бұл аймақта 4651 адам қаза тауып, 14245 адам жараланғанын мәлімдеді.
Пікір қалдыру