• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 07:34:36
+12°

18 Қаңтар, 2024 Барлық аймақтар

Ашық дереккөзден алынды

2023 жылдың соңынан бері Ресейде жұмыртқа тапшылығы сезіле бастаған болатын. Биыл Ресейдегі сауда орталықтары мен дүкен сөрелерінен жұмыртқа табу тым қиын болды. Жұмыртқаның жетпей жатқанын Ресей президенті Путиннің өзі әңгіме қылған соң не дейміз?

Еске сала кетсек, былтыр күзде біздің сарапшылар Ресей Қазақстанның құс еті мен жұмыртқасын түк қалдырмай, түп көтеріп кетуі мүмкін деп алаңдаған болатын. Соның артынша Қазақстанда жұмыртқа бағасы едәуір көтеріліп кеткен еді.

Ресейдегі жұмыртқа тапшылығы тағы да Қазақстанның жағдайына әсер еткелі отыр.

Себебі, Ресей көршілерінен көмек сұруды бастап кетті. Әзербайжан мен Түркиядан жұмыртқа алуды бірнеше есе арттыруға келіскен. Путин Беларусь басшысына өтініш жасап, Минсктен де жұмыртқа алмақ. Сондай-ақ жұмыртқа дағдарысын шешу үшін Қазақстанға да өтініш жасап отыр.

Бұл Қазақстанда жұмыртқаның қымбаттауына алып келері сөзсіз.

Көрші елдегі мәселеге қатысты Қазақстанның премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин ресейлік тараптың сауда орындарына жеткізетін жұмыртқа санын арттыруды сұрап жатқанын айтады.

Ресейлік тарап жұмыртқаны көбірек беріңіздерші деп Қазақстанға қолқа салып, сауда Серік Жұманғарин ауыл шаруашылығы министрлігіне тез арада қазақстандық жұмыртқаны РФ шекаралас аймақтарына жеткізуді арттыру мүмкіндігін іздеуді тапсырды.

Ресей Қазақстан түгілі, Солтүстік Кореядан да жұмыртқа сұраған көрінеді.

Сарапшылар жұмыртқа тапшылығын Ресейдегі әлеуметтік жағдайдың қиындай түскенінің көрсеткіші деп отыр.

Бифат Елтаева

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір