Netflix Қырғызстан мен Қазақстанда туристік реалити-шоу түсіреді. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.
"Әлемдік ойын-сауық индустриясындағы ең ықпалды компания Netflix өзінің реалити-тур шоуын өткізу орны ретінде Алматының әсем таулары мен қырғыз табиғатын таңдады", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, Netflix аудиториясында бүкіл әлем бойынша жарты миллиардтан астам адам, 270 миллионға жуық ақылы жазылушысы бар.
Пікір қалдыру