"200 млн теңге жымқырған": Риддер қаласының экс-әкімі ұсталды

/image/2024/07/12/crop-78_15_461x820_img_6628-960x500.jpeg

Риддер қаласының экс-әкімі Дәулет Батырбаев ұсталды. Бұл туралы журналист Михаил Козачков телеграм-арнасында жазды.

"Ол 200 миллион теңге ұрлады деген күдікке ілінді. Қаржылық мониторинг агенттігі тергеу жүргізіп жатыр" делінген хабарламада.

Айта кетейік, Риддердің бұрынғы әкімі Дәулет Батырбаев биылғы жылдың 29 сәуірінде өз еркімен қызметінен кеткен болатын.

 
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар