Тараптар Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға ресми сапары қарсаңында екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты және екі мемлекет басшыларының уағдаластықтарын іске асыру қарқынын қарастырды.
Атап айтқанда, сауда-экономикалық, инвестициялық, су-энергетикалық ынтымақтастықты, көлік, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, экология және цифрландыру саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған жобалардың жай-күйі талқыланды.
Қазақстан мен Өзбекстанға Орталық Азиядағы барлық сауданың 57%-ы тиесілі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы $4,5 млрд құрады, 2024 жылдың 4 айында оның көлемі $1,2 млрд-тан асты.
Пікір қалдыру