"Әлеуметтік көмек алған 75 мыңдай отбасы табысын жасырған"

    Нұрсұлу Темірханқызы
    "Әлеуметтік көмек алған 75 мыңдай отбасы табысын жасырған" opros.co

    Нұр-Сұлтанда өткен үкімет пен мәжіліс депутаттарының кездесуі кезінде вице-премьер Бердібек Сапарбаев 2019 жылы атаулы әлеуметтік көмек алған көптеген отбасылар табысын жасырған деп мәлімдеді. Бұл туралы, - azattyq.org хабарлады.

    - Өкінішке қарай былтыр осындай жағдайлар болды. Біз барлығын тексердік. 75 мың отбасы табысын жасырған. Қазіргі таңда 400-500 млн теңгені бюджетке қайтардық. Қазір біз былай айтып жатырмыз. Егер сол отбасы өз еркімен қаражатты қайтарса, мәселе жоқ. Ал егер олай болмаса, онда сот арқылы өндіріліп алынады, - деді Сапарбаев.

    Былтыр 70 мың отбасы атаулы көмек алу үшін табысын жасырған, оның 200-і  жауапкершілікке тартылды. 

     

    Қатысты тегтер :

    Қатысты Мақалалар

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    12:57, 06 наурыз 2025