ОҚО-да бала ұрлаған әйелді тасыған таксиші табылды

/uploads/thumbnail/20170708222116488_small.JPG

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Амангелді аулында ұрланған баланы күдіктімен бірге көрген таксиші анықталды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы TVK-ға сілтеме жасап.

Такси жүргізушісі оларды Темірлан аулындағы аудандық ауруханаға жеткізген. Сондай-ақ, ол келіншектің такси қызметі үшін келісілген сомадан 4 есе артық ақша төлегенін айтқан.

Темірлан аулындағы аурухана Шымкент қаласына және әуежайға апаратын жолдың бойында орналасқан. Таксиден түскеннен кейін жоғалған бала мен күдікті әйелді ешкім көрмеген.

Естеріңізге салсақ, сенбі күні ОҚО Ордабасы ауданы Амангелді ауылында 1-сынып оқушысы Мұхаммед Қамшыбек деген бала жоғалып кеткен еді. Куәгерлер баланы 50-55 жас шамасындағы белгісіз келіншек мектептің алдынан ертіп кеткенін айтқан. Қазір полиция күдіктінің фотороботын жасап, іздеу шараларына кіріскен.

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар