ИСЛАМ - БІРЛІКТІҢ ДІНІ

/uploads/thumbnail/20170709030937871_small.jpg

Соғысу, лаңкестік жасау және елдің бейбіт өмірін бұзу қай қоғамдада, қай замандада құпталмаған. Бірақ, жер бетінде жасап жатқан қаншама халықтардың тарихына көз салсақ, олардың ұлт болып, ұлыс болып қалыптасу барысы, ұлт ретінде өркендеу, көркею жолы оңай болмағанын, тарихтың небір қиын сындарынан өткенін көреміз. Әр халық тайпаларға, руларға және жерге бөлінген. Бөліну деген бір-бірімен жауласу, қанды соғыстар жүргізу. Қазіргі, өзіміз үлкен, өркениетті ұлттар санайтын, кезінде алып империялармен державалар құрған, ағылшындар туралы айтар болсақ, Ағылшын империясы құрылғанға дейінгі уақытта, қазіргі ағылшындарды құрайтын тайпалар мен уэлстердің бастары бірікпей араларында қаншалаған қырғын соғыстар мен азаматтық соғыстар болған. 1461 жылы құрылған, Йорк патшалығыда, ағылшындар сенетін христиан дініде, олардың басын біріктіре алмаған. Батыстағы италиян, неміс, француз, португал, испан халықтарыныңда, ағалшындар сияқты, бірден үлкен ұлт болып қалыптасып, империяға айналып, әлемді бөліске салмағанын көреміз. Шығыс халықтарыда батыстағыдай, руға, жерге бөліну болған. Шығыстағы көршіміз Қытай еліде, 1644 жылы, көшпелі манжурлер құрған, Цинь империясына дейін, ірілі-ұсақты патшалықтар арасындағы, тайпалар арасындағы және азаматтық соғыстардың ошағы болған. Жапондарда да солай болған. Ал, экранымыздан көрсетіліп жатқан тарихи киноларынан-ақ, кәрістердің өз елінде, көптеген патшалықтар ара соғыстарды бастан кешіргенін көреміз.

Адамдарды тек береке-бірлікке, татулыққа, бауырмалдықпен туыстыққа шақыратын, бөлінуге, елдің тыныштығын бүлдіруге, өзара қырқысып, қан төгуге қарсы тұратын, қаситетті дініміз, Ислам түскен араб жазирасыда, көптеген тайпалармен рулардың мекені болған. Араб түбегінің бір жартысы Эфиопия патшалығына қарап тұрсада, сол жердегі жергілікті тайпалар арасындағы талас тартыс, соғыс өрті өшпеген. Ру тайпалар арасында ғасырларға созылған соғыстар болған. Қасиетті дініміз келіп, адамдар арасына тарай бастаған уақытта, көптеген адамдар, ру басылары хақ дінді, хақ Пайғамбарды (с,ғ,у) көре тұра, танып біле тұра, осы, рулар ара тартыстың, көралмаушылықтың құрбаны болды. Аллаһ - тағала, Құран Кәрімде: «Әй, адам баласы! Шүбасыз сендерді бір ер, бір әйелден (Адам ата мен Хауа анадан) жараттық. Сондай ақ бір-бірлеріңді тануларың үшін ұлттармен ұлыстарға бөлдік. Расында, Аллаһ алдында ең абыройлыларың - тақуаларың (Аллаһтан шынай түрде қорыққандарың). Аллақ барлық нәрсені толық білуші, барлығынан хабардар» (Хужурат сүресі, 13 аят) - деп айтылғандай, адамдар ұлттармен ұлыстрға  тек бір-бірімен соғысу, күш көрсету, көптері саны аз ұлттарды басыну емес, бір-бірін танулары үшін жаратылғанын, адамдардың абыройы ұлтымен, жерімен, руымен емес, тақуалығымен ғана жоғары екендігін көреміз. Аллаһ Елшісінің (с,ғ,у) хас дұшпаны болған Әбу Жаһилдың, Пайғамбарымызды (с,ғ,у) тани тұра, пайғамбардың өз руынан шыққпағанына бола, рушылдық жалған намыстың жетегімен, исламды мойындамағаны белгілі. Міне, осындай қиын күндерді бастарынан өткізген, алғашқы мұсылмандар Мекке қаласынан, Мәдина қаласына қоныс аударады.

Мәдина қаласында да, ірілі ұсақты ру тайпалардың соғыстары әлі тоқтамаған кез болатын. Мәдинадағы бір рудан тарайтын екі үлкен тайпа Хазраж бен Әус арасындағы болған Бус соғысы 120 жылға жалғасқан екен. Мәдинада Ислам днінің қанат жаюуымен, Мәдиналықтардың жаңа дінді қабылдауы арқасында, Хазраж бен Әус тайпалары ұзақ жылдық өшпенділікті тастап, алғаш рет бейбіт келсімге қол қояды. Меккеден қоныс аударған Мұһажырлармен Ансарлар арасында бауырластық орнайды. Ансарлар Мұһажырларға өз бауырындай қарап, үйліріне тұрғызып, тамақпен асырайды. Ансарлар осы істерімен мұсылмандардың бір-біріне бауыр екенін, бөліну дегіннің жоқ екенін дәлелдейді. Бірте-бірте ислам діні қанатын араб жазирасына толық жайған уақытта, Мәдинадан Меккеге қарай түйеге мініп жалғыз жолға шыққан әйел адам еш алаңсыз жететін болған. Міне, бұл нағыз Ислам діні тыныштықтың, бейбітшіліктің діні екенінің, онда адам тонау, кісі өлтіру сияқты бұзақылытың болмағанының көрінісі еді!

Біздің қазақ халқының сеніміне Ислам діні дендеп енгенімен, рушылдық, жершілдік, жікшілдік дерттерінен арыла алмаған. Қазақта ең күшті көрініс тапқаны - рушылдық дерті болатын.  Жаратушы Аллаһ Құран Кәрімде: «Барлықтарың Аллаһтың жібіне (дініне) жармасыңдар, сондай ақ өзара бөлінбеңдер» (Әл Ғимран сүресі, 103 аят) - деген, Құран аятын  әр қазақ, басшылыққа алғанда, қазақтар арасында рушылдық дерті болмаста еді. Рушылдық қазақтар өмірінің барлық саласында көрініс тапты. Қазақтағы екі үлкен, бітпеген дау - жер дауымен жесір дауы рушылдықтан келіп шыққанын тарихшыларымыз дәлелдеуде. Жесір дауы - рудың намыс емес, сол руды билеген жуандардың намысы болағанын, жуандар ара жерге, малға талас, барымта-сырымтадан кек қайтарудың құралы болғанын білеміз. Кешегі «Құнанбай» киносында бейнеленген, Құнанбай атамыздың керей мен арғын арасындағы жесір дауын, жуандардың соғысамыз, ел шауп кек қайтарамыз деген ыңғайына беремей, жесір қалған әйелге құн төлетуі соның дәлелі болса керек. Жеті атаға дейін қыз алыспау, қан тазалығын сақтау сияқты қазақтың даналығы, игі дәстүрі, дертке айналып қазақтың басына шоқпар боп тигені қаншама. Жұңғарлар қазақтың жеріне басып кіргенде, бастары бірігіп, бір жеңнен қол шығара алмай, бірігіп тойтарыс бере алмағандықтан, Ақтабан шұбырынды болып көшіп, қырылып, бір миллион бір жүз мың қазақтан айырылдық. Орыстардың қазақтарды жаулап алу барысыда, осы рулар ара талас-тартысты қоздырып, берекесін жойып жаулап алғанын тарихымыздан білеміз. Бұл туралы кешегі көркем әдібиеттерде де жеріне жете жазылды, Абай жолы, Көшпенділер, Қан мен тер т,б. Рушылдықтан біле білсек, аз зардап шеккен жоқпыз. Соның кесірінен, орысқа бодан болдық. Кешегі кесір болған Кеңес үкіметі, бар асылымыздан, ұдттық құндылығымыздан, қасиетті дінімізден айырды. 

Кезінеде, Халифа Алтай атамыз: «Әр күн бес рет мешітке жиналып, Аллаһ Тағаланың хұзырында тұрып жалбарынулары арқылы араларына береке-бірлік кіріп, қоғамдық байланыс, қарым-қатынас нығаяды. Зекет, тағы басқа садақалар өзара көмектесудің, жоқ-жітікке қарасудың, қамқоршылық етудің негізгі әлеуметтік дәнекері, талас көтермейтін бір игілігі» - деп еді.  ХХІ ғасырға жетіп, ғылым мен техниканың дамыған дәуіріне қадам басқан уақытта, рушылдық дерті облыс, аудан, ауылдарда қайта қылаң беруде. Әркім өз руын жоғары санау, басқа руларды кемсіту (танысаң адаймын, танымасаң құдаймын немесе найман - бэтмен т,б.), инернет беттерінде, әлеуметтік желілерде, той томалақтарда, айтылуда. Осыдан екі жыл бұрынғы, Алматы қаласының, Абай даңғылының бойымен, қолдарына плакат ұстап, «Кіші жүз» деп ұрандатып өткен мыңдаған адамдардың шеруі куә. Одан қалса, ата-бабам батыр болған деп (өздері сол батыр бабаларының дәстүрімен дінін ұстанбасада), ата-бабасына арнап, ас беру, кесене тұрғызу, мүсінін құю т,б. көбейіп, жоқ жітікке көмектескеннің орнына, ысырап етуде.  Бұл ғана емес, жерге бөліну (оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс дегендей), облысқа бөліну, қала, ауыл, шала, шеттен келген қазақтар деп бөліну көбеюде.

Егемендік алып, ес жинағанда, асыл дінімізде қайта келді. Дінге еркіндік берілді. Бірақ, сол еркіндіктің тізгінін жат ағымның қолына бердік.  Руға, жерге бөлінгені аз болғандай, енді дінге бөлінуде. ҚМДБ-ын мойындамау, оларды христандықтың мқсылмандық үлгісі деп санау,олардың пәтуаларын теріске шығару, мешітте имамдардың уағызына құлықсыздық таныту, Ваххавизм, Салафизм, Зікіршілер айта берсең түгемейтін, жат, теріс пиғылдағы радикалды ағымдар. Әйтпегенде, кешегі Ақтөбедегідей, оқиға шынайы мұсылмандар арасында орын аламас еді. Қасиетті Құранда: «Фитна (бүлік) шығару, адам өлтіруденде ауыр күна» (бақара сүресі, 217 аят) дегендей, бейбіт елде, лаң тудырып, тыныштықты кетіру шынайы мұсылманның ісі емес екені айқын. Елдің санасына үрей салу, мұсылмандықты қорқыныш етіп көрсету де мұсылманның ісі емес. Кеше ғана о дүниеге аттанған босшы Мұхаммед Әлиде, адамдар ара теңдікті, әділдікті, тазалықты христианнан емсе, исламнан тауып еді ғой! Құрметті бауырлар, ҚМДБ айтқан жолмен жүрейік, имамдардың уағызына құлақ асайық. Ислам діні мұсылмандарды қалай біріктірді, солай бірігейік. Мұсылмандар бір біріне бауыр екенін үмытпай, берекемен өмір сүрейік. Қасиетті рамазанда, тек жақсылықтар жасауға жазсын!!

Қасен Әубәкірден

Қатысты Мақалалар