Нұрсұлтан Назарбаев Пәкістан Президенті Мамнун Хусейнмен кездесті, - деп хабарлайды Qamshy.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Кездесу барысында тараптар қазіргі жағдай мен сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты өзара іс-қимылды дамыту перспективаларын талқылады.
Бұдан бөлек, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар жөнінде пікір алмасты.
Естеріңізге салсақ, Өзбекстанда Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдері басшыларының бас қосуы өтуде.