Ұлыбританияның ЕО-ға мүшелігі туралы референдумда округтердің жалпы санының жартысынан астамына жүргізілген санақтан кейін Brexit-ті жақтаушылар басымдыққа ие болып отыр, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Ұлыбритания ЕО-ға мүше болып қалу-қалмауы анықталатын референдумда дауыс беру аяқталды, сайлау учаскелері түгелдей жабылды.
Есептеу қорытындысы бойынша 382 округтің 175-інде дауыс берушілердің 51,3%-ы шығуды қолдап дауыс берсе, 48,7%-і қарсылық танытқан.
Қоғамдық пікірге жүргізілген сауалнамалардың көпшілігі Ұлыбританияның Еуроодақтағы мүшелігіне қарсылар мен жақтаушылар шамалас екенін дәлелдеп отыр.
Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуын Шеффилд, Блэкпул және Госпорт, Милтон Кинс секілді тұлғалар жақтап отыр. Елдің ең ірі қалаларында есептеу әлі де жалғасуда.
Еске сала кетейік, кеше Ұлыбританияның ЕО-дан шығу мәселесі жөнінде референдум басталды. Сарапшылар егер шығуды жақтаушылар саны басым түсіп, шешім қабылданатын болса, онда Brexit-тің ықтимал салдарын болжауға да кірісіп кетті.