Астанада Жер реформасы жөнiндегi комиссияның кезекті отырысы басталды

/uploads/thumbnail/20170709035023938_small.jpg

Астанада Жер реформасы жөнiндегi комиссияның  кезекті отырысы басталды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

«Бiрiншiсi, мораторий жарияланып, соған орай заңның қабылдануына байланысты, бiрiншi шiлдеден бастап бұрынғы заңнама қайтадан күшiне ендi. Яғни, жалға беру институты қайта жұмыс істемек. Ал ендi осыған байланысты мәселелердi талқылау қажет. Екiншi мәселе, шекараға байланысты өткенде комиссия отырысында бiрнеше ұсыныс айтылды. Пайдалануға берiлетiн жер шекарадан қандай қашықтықта болуын анықтау керек. Үшiншi мәселе - жайылым мәселесi. Осы тақырыптың төңiрегiнде дайындалған ұсыныстарды қарап, нақты шешiмдер қабылдауға жақындасақ деп жиналып отырмыз", - дедi А.Мырзахметов.

Жер реформасы жөнiндегi комиссия Президенттiң тапсырмасы бойынша құрылған болатын.  Комиссия құрамында төрт жұмыс тобы бар, оларға Ақылбек Күрiшбаев, Мұхтар Тайжан, Дос Көшiм және Мұрат Әбенов жетекшiлiк етедi.

Жер реформасы жөнiндегi комиссия Астанада үш отырысын өткiзгеннен кейiн, өңiрлерге шығып, халықтың пікірін тыңдап, тұрғындармен тілдесуді ұйғарған едi. Барлық пікірлер мен ұсыныстар сарапталып, жан-жақты таразыланғаннан кейін ғана комиссия шешім шығарып, Парламентке енгізеді. 

Естеріңізге сала кетейік, комиссияның соңғы үш отырысы  Ақмола,  Алматы және Қызылорда облыстарында өттi. Бүгiн комиссия мүшелерi маңызды мәселелердi талқылағаннан соң келесi аптадан бастап тағы  да өңiрлерге аттанады.

Астанада өтiп жатқан Жер реформасы жөнiндегi комиссияның отырысын Bnews.kz сайтынан онлайн көре аласыздар.

Қатысты Мақалалар