Бүгінгі же комиссиясының отырысында Сенат депутаты Қуаныш Айтаханов шекарада елді мекендер құрып, сол жерді игеру керектігін айтты, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Шекарамыздың мыңдаған шақырым жерінде ешкім тұрмайтындығын, иен қалғандығын алға тартқан депутат «сол шекараны барып игеруіміз керек. Сол шекарада елді мекендер құруымыз қажет. Сол жердегі жерді игеруге тиіспіз. Яғни, бұл мәселе бүгінгі отырыстың күн тәртібіне дұрыс қойылмаған», - деді.
-Күн тәртібінде былай жазылыпты: «Қазақстан Республикасы шекарасы маңынан берілетін ауыл шаруашылығы жерлерін беруге шектеу туралы». Кімге беруге шектеу туралы? Шетелдіктерге ме, жоқ қазақстандықтарға ма? Мына жерде қазақстандықтарға деп жазылыпты. Ал егер қазақстандықтарға болса, онда оған шектеу қоюға мүлдем болмайды. Керісінше, қазақстандықтар шекаралық жерлерді барып игерсін. Көбірек игерсін. Неге біз қазақстандықтарға шектеу қоямыз? Егер Қазақстан азаматтары шекара маңынан жер алып, шаруашылығын жақсылап жүргізсе, ол шекара нығая береді. Сол себептен бұл шектеуді қазақстандықтар үшін мүлдем алып тастауымыз қажет», - деді Қуаныш Айтаханов