Дос Көшім: Жер бөлетін комиссияның басым бөлігін қарапайым халық өкілдері құрауы қажет

/uploads/thumbnail/20170709035045032_small.png

Бүгін Астанада өтіп жатқан жер комиссиясының кезекті отырысында саясаттанушы, комиссия мүшесі Дос Көшім жер бөлетін комиссияның үштін бір бөлігі ғана билікте, қалғаны қарапайы халық болуы қажет екенідігін атап өтті,  - деп хабарлайды Qamshy.kz.

-Ережеде комиссия мүшелері бес адамнан кем болмауы керек деген талап бар. Оның ішінде ауылдық округтердің әкімдері, жер ресурстарының және тағы басқа атқарушы биліктің азаматтары бар. Әрине, қазір Атамекенді  қосып отыр. Одан тағы басқа. Бірақ біздің ойымызша, барлық ауылдық округтардан бір-бір адам комиссияның мүшесі болуы қажет. Бұл комиссия ай сайын жұмыс істемейді, жылына бір істей ме, екі жылда бір істей ме. Сол уақыттарда жерге тікелей қатысы бар, жермен жұмыс істеп жүрген адамдарды әрбір ауылдың жиналысы бекітіп, сол комиссияға кіруі тиіс. Сонда барлық адамдардың қатысуы болады. Сондай-ақ аудандық прокурор комиссияның мүшесі міндетті түрде болуы қажет. Ол комиссияның заңдылығын бақылаутын болады. Оған қоса, қоғамлық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары комиссияның жұмысына қатысуы шарт. Қысқасы, комиссияның үштін бір бөлігі ғана билікте, қалғаны қарапайы халық болуы қажет деп санаймыз, - деген саясаттанушы конкурстық комиссиялардың құрамына кіретін билік өкілдеріне халық сенбейтінін алға тартты.

Дос Көшімнің айтуынша, жерді бөлетін, оған қатысты конкурсты өткізетін комиссияның жұмысы ашық әрі жариялы түрде болуы керек. Саясаттанушының айтуынша, бұл қолданыстағы ережеде қарастырылмаған. Осыған байланысты, жер бөлуге қатысты конкурстық комиссияның жұмысына қызығушылық танытатын азаматтардың кез келгені толық қатыса алуы шарт.

Бүгінде жергілікті жердегі кокурстық комиссияларға қатысты ережелерге өзгеріс енгізген жөн деп санайтын саясаттанушы комиссияның жұмысын прокурор бақылау отыруы керек деп есептейді. 

«Егер комиссия мүшелерінің дауысы тең болса, онда төрағаның дауысы екі дауысқа ие болады» деген бапқа назар аударған Дос Көшім  бұл баяғы архаизмнің қалдығы екендігін айта келе, «адам құқығын бұзатын мұндай норма болмауы керек. Әр адам тек бір дауысқа ие болуы тиіс», - деді.

 

Қатысты Мақалалар