Шымкенттік кәсіпкер Төлешов Тоқтар Жүсіпұлына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ, 2016 жылғы 11 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимаратында (Астана қаласы, Сығанақ көш., 20) Қазақстан Республикасының ҰҚК және Бас прокуратурасы өкілдерінің қатысуыменбаспасөз конференциясы өтетіндігі хабарланды.
Еске салайық, белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешов 2016 жылдың 30 қаңтарында Шымкентте арнайы операция кезінде ұсталған болатын. Оның үйін және жұмыс орнын тінту кезінде қару-жарақ, есірткі заттары мен оқулық табылған еді. Кәсіпкермен қатар үш адам ұсталған.
Ал 1 ақпанда Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты ҚР ҚК 297-бабы 3-тармағы 3-бөлігі, 266-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен оны қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын санкциялау туралы қолдаухатты қараған болатын.