Мұхтар Тайжан: Жер кадастрында жермен айналысатын адамдардың аты-жөндері ашық болуы тиіс

/uploads/thumbnail/20170709035036829_small.png

Бүгін Жер реформасы мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысында  комиссия мүшесі Мұхтар Тайжан Жер кадастрында жермен айналысатын адамдардың аты-жөндері жария түрде болуы қажеттігін айтты, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

-Ең бірінші -  кадастр. Бізде қазір электронды кадастр бар. Бірақ, онда жер иелерінің аты-жөндері көрсетілмеген. Менің ұсынысым, жер халықтікі болғаннан кейін онымен кім айналысатындығы жайындағы ақпараттар ашық болуы тиіс. Қазір бұл мәліметтер жабық. Себебі, «Жеке мәліметтер туралы» Заң бар. Сол Заңды өзгертейік», - деген Мұхтар Тайжан комиссия мүшелерінің шешімдерінде ортақ келісімге келмеген мәселелердің де бар екендігін айтып өтті.

-Қазақстанға келген шетелдік азамат фирма ашып, 49 пайызын өзі, 51 пайызын ел азаматына береді де жермен айналыса алады, - деген М.Тайжан мұндай құйтырқыға  жол бермеуіміздің қажет дейді.

-Егер жерді шетелдіктерге сатпаймыз десек, онда заңға өзгертулер енгізейік. Бізде дәл осы мәселеге байланысты ортақ шешім жоқ, -деген  М.Тайжан шетелдіктерге жер сатылмайды деп айтылғанымен  құйтырқы жолдардың да қалып отырғандығын баса айтты.

Қатысты Мақалалар