АҚШ ақырзаманға дайын. Мұнда топан судан құтқаратын Нұқ пайғамбардың алып кеме соғылып, ішіне тіршілік иелерінен бір-бір жұптан толтырылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
Аңыз әңгімелерде айтылып жүрген алып кеме осы. Нұқ пайғамбардың соққан кемесімен бірдей. Ұзындығы-155 метр, ені-26, ал биіктігі-15 метр. Тек бұл алып аттракцион қызметін атқармақ. Алайда, аңызға еліктегендер оны көріп ақырзаманға одан сайын сене түскен. Өйткені, кеме тура Нұқ пайғамбар жасағандай жануарларға толтырылыпты. Алып құрылысты діндарлар соққан. Аңыздарда айтылатын, Қазғұрттың басында қалған қалған кемені америкалықтар енді Кентукки шатында деп қалжыңдап жүр.