Иракта лаңкестер зиратты жарып жіберді (Видео)

/uploads/thumbnail/20170709035031892_small.jpg

Иракта тағы бір лаңкестік шабуыл 35 адамның өмірін жалмады. 60-ы жарақат алды. Жойқын жарылыс Бағдаттың солтүстігінде болған, - деп хабарлайды Qamshy.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Бірінші кезекте жарылғыш құрылғы орнатылған көліктің қүлі көкке ұшып, кейін қару асынған адамдар жұртқа оқ жаудырыпты. Бұл Ирак астанасынан 90 шақырым жердегі шейіттердің қасиетті орындарының бірінің маңында орын алған. Ақпараттарға қарағанда, зират маңында тағы бірнеше жарылыс болған екен. Содырлар мұнымен қоймай бейбіт тұрғындарды кепілге алыпты. Лаңкестік шабуылды бұл жолы да «Ислам мемлекеті» ұйымы өз мойнына алып отыр. 

Қатысты Мақалалар