Ұлыбританияның Премьер-министр лауазымына екі әйел үміткер. Әзірше басымдық ІІМ басшысы Тереза Мэйде. Оның бәсекелесі Андреа Лидсом да қалысайын деп тұрған жоқ, - деп хабарлайды Qamshy.kz РБК–ға сілтеме жасап.
1990 жылдан бері Ұлыбритания үкіметінің басшылығына алғаш рет әйел келейін деп отыр. Косервативтік партия атынан қазіргі Ішкі істер минстрі Тереза Мэй ұсынылса, елдің Еуропалық Одақтан шығуын құптаушылардың бірі Энергетика министрінің орынбасары Андреа Лидсом оның басты бәсекелесі. Әзірше сайлау алды жарыста Тереза Мэй оқ бойы озық тұр. Гендерлік теңсіздік мәселесімен ұзақ уақыттан бері айналысып келе жатқан саясаткер ІІМ басшылығына тағайындалғаннан кейін миграциялық мәселерді шешуге белсене атсалысыпты. Ал Лидсомның мамандығы саясаткер, жиырма жылдан астам уақыт қаржы саласында жұмыс істеген. Бүгінде Энергетика министрінің орынбасары қызметін атқаратын Лидсом елдегі мұнай-газ саласына жауапты. 9 шілдеде «The Times»-қа берген сұхбатында Лидсом үш балалы ана ретінде баласыз Мэйден өзінің бағы басым екенін айтқан. «Балалар Ұлыбританияның болашағына салынған үлкен салым» деген Лидсомды Батыс журналистері түрлі даулы мәселелердің ортасындағы адам санайды.
Дана Қамшыбек