Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі аймақтарды аралауды жалғастыруда. Дүйсенбі күні Министрлер кабинетінің жетекшісі Солтүстік Қазақстан облысына барды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Кәрім Мәсімов солтүстік өңірдегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын аралап, машинажасау техникасы өндірісімен танысады, сондай-ақ астықты аймақта АӨК дамыту бойынша кеңес өткізеді деп күтілуде.
Сонымен қатар, Премьер-Министр Петропавлдағы жаңа Спорт сарайында спортшылармен кездеседі.
Кәрім Мәсімов атап өткендей, жұмыс сапары кезінде мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына, өңірдегі өзекті мәселелердің қарастырылуы мен шешілуіне баса назар аударылатын болады, жұмыспен қамту мәселесіне ерекше көңіл бөлінбек. Атап айтқанда, Премьер-Министр СҚО-да «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының орындалуын, аймақтар арасындағы жұмыс күшінің жұмылуының жай-күйін бағалайды.