Әскери билетті Халыққа қызмет көрсету орталығынан алуға болады

/uploads/thumbnail/20170709035647397_small.jpg

Алматы қаласының жергілікті әскери басқару органдарында азаматтардың сенімін нығайту және олардың жұмысын оңайлату, тездету , сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен инновациялық стандарттарын енгізу жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 26 қазандағы № 605  және "Әскери-техникалық мамандығы бойынша азаматтарды дайындау" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 24 ақпандағы бұйрықтарына сәйкес Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жергілікті әскери басқару органдарында мынадай мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары көрсетіледі: 1) "Әскерге шақырылғандарға шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктер   беру;

2) Запастағы офицерлерге әскери билеттердің (әскери билеттердің орныны уақытша куәліктер) беру;

3) "Запастағы сержанттарға, сарбаздарға әскери билеттер (әскери билеттердің орныны уақытша куәліктер) беру;

 4) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, жауынгер-интернационалистерге, Чернобыль атом электр станциясындағы аварияның салдарын жоюға қатысушыларға куәліктер беру;

 5) Жеңілдігі бар тұлғаларға (Ұлы Отан соғысына қатысушыланға, Чернобыль авариясын жоюшыланға, жауынгер-интернационалистерге) анықтамалар беру;

6) Әскери қызметті өткеруді растау туралы анықтамалар беру;

7) Азаматтың әскери қыметке қатынасы  туралы анықтамалар бету;

8) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың  көшірмелеріне апостиль қою;

9)  Әскери-техникалық  және басқа да әскери мамандықтар бойынша азаматтарды дайындау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтет "Халыққа қызмет көрсету орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны немесе жергілікті әскери басқару органдарында өтінішті қабылданады және тиісті қжаттарды беріледі. Мемлекеттік қызмет алдын-ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі. Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелу орны бойынша жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, ал электрондық кезекті "электрондық үкімет" веб-пгрталы арқылы броньдалады. Көрсетілетін қызметті алушы қашықтан қолжетімділік   режимінде көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі 1414 бірыңғай байланыс орталығы анқылы мемлекеттік қызмет көрсету   мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігіне  ие. Алдағы уақытта да мемлекеттік көрсетілетін қызмет жақсара бермек.

Қарлығаш Мұсабекқызы,

Алматы қаласы  Бостандық ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының баспсөз хатшысы

Қатысты Мақалалар