«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед шекаралық аймақтардағы жерлерді жалға беруге қатысты ойын білдірді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
«Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан, Үржар аудандары, Алматы облысындағы Алакөл, Жаркент, Нарынқол аудандары сияқты шекараның аузында отырған аудандардағы жер түрлі жағдайлармен шетелдік компанияларға өтіп кетпеу үшін түгелдей мемлекеттің меншігінде болуы керек деп есептеймін. Бұл бес ауданның жеріне Еуропаның бірнеше мемлекеті сыйып кетеді, сондықтаналқыланатын заң жобасына осыны ескеретін тармақ енгізуді өтінемін», - дейді М. Құл-Мұхаммед.