Ыстамбұлда Түркия қазақтары үшінші құрылтайы аясында 9 маусым күні өткен дөнгелек үстел жиналысында қазақ диаспорасының маңызды мәселелері талқыланды. Оның ішінде келесі жылы Астанада өтетін дүниежүзі қазақ құрылтайы да сөз болды. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев оның формасынын бұрынғылардан басқаша форматта болатынын айтты. Бұл туралы ағайындардың ұсыныстары болса хат жазсын деген ол сөйлеген сөзінде сөзінде дүниежүзі қазақтары құрылтайының бесіншісінің келесі жылы Астанада өтетінін мәлімдеді.
Ол, биыл, яғни 2016 жылы өтуге тиіс құрылтайдың “EXPO 2017”ге байланысты бір жыл кейінге қалдырылғанын айтты. Мамашев сонымен қатар құрылтайға шетелдерден 500-дей қазақ шақырылатынын және жастарға басымдық берілетінін де мәлімдеді. Ыстамбұлдағы Түркия қазақтарының үшінші құрылтайы туралы кейін мақала жазып оқырмандарға көбірек мәлімет беретін боламыз.
Бір сөзбен айтқанда 2016 жылы, 5-9 маусым күндері Ыстамбұлда өткен құрылтай жоғары денгейде өтті деп айта аламыз.
Әбдіуақап Қара
Мимар Синан Көркем Өнер Университетінің профессоры, тарих ғылымының докторы