Алматыда "Компот" дәмханасынан өрт шықты (Фото, видео)

/uploads/thumbnail/20170709040000009_small.jpg

Алматыда Медеу ауданынадағы Қабанбай батыр көшесінде орналасқан "Компот" дәмханасынан өрт шықты, - деп хабарлайды Qamshy.kz қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

-Алматы ТЖД-нің 101 нөміріне сағ 21.58-де Медеу ауданы, Шығыс айналма жолының қиылысында Қабанбай батыр көшесінде өрт болып жатқаны туралы хабар келіп түсті. Алғашқы өрт сөндіру қызметі алты минутта 22.04-те оқиға орнына жетті. Өрттің шығу себептері мен қамтыған аумағы анықталып жатыр, - деді Алматы ТЖД-нің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова. 

ТЖД Астана уақытымен 22.57-де өрт толығымен ауыздықталғаны хабарланды.

Қатысты Мақалалар