Алматы облысы шаруаларының ауыл шаруашылық министрлігіне өкпелі. Мемлекеттік бағдарлама арқылы миллиондап несие алыпған бірнеше шаруа қожалығы берешектерін өтей алмай қалған, - деп хабарлайды Qamshy.kz 31 арнаға сілтеме жасап.
Бүгінде тек жылқысының өзі мыңнан асқан Болат Сейірбаев қазір шығынға шаш етектен батқанын айтады. Сөзінше былтыр мал басын өсіру үшін мемлекеттік «Құлан» бағдарламасы бойынша 56 миллион теңге несиені жылына 14 пайызбен банк арқылы рәсімдеген. Және мемлекеттік бағдарламаға сәйкес аталған қаржының 7 пайызын ауылшарауышылық министрлігі өтеп беруі тиіс болған. Бірақ бір жылдан астам уақыт өтсе де министрлік төлеуі тиіс қаржыны қаржыландурыға асықпайтын көрінеді.
- Оны уақытында төлемесе, оған банкі пеня салып жатыр. Басталды штрафы. Ауыл шауруашылық басқармасының бастығы Бекішевке неше рет айттым. Арыз да жазып бердік. Бұлар айтады, министерство дейді. Министрлікте Департамент бастығы Азамат Хамиевпен сөйлестік, бұны юстиция шешеді. Заң әлі дұрыс болмай жатыр дейді. Бұл енді ауыл шаруашылық министрлігінің кемшілігі емегенде кімнің кемшілігі?, - дейді Шаруа қожалығының төрағасы Болат Сейірбеков.
Субсидия алып, шығынға шаш етектен батып жатқандардың саны едәуір көп, - дейді облыстық ауылшарушылық басқармасындағылар. Себебі, 2014 жылдан бері Алматы облысы бойынша 173 шаруашылық иесі субсидия алғандығын ескерсек, басым бөлігі Болат Сейірбаев сияқты қиындықтарға тап болған. Ал ауыл шаруашылығы министрлігіне не себепті шаруалардың пайыздық үстемақысы дер кезінде төленбей жатыр деген сұрағымызға жазбаша түрде жауап алдық.
2016 жылдан бастап кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бағдарламасын іске асыру функциясы жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне өтті.
Демек, аталған өзгеріске сәйкес шаруалардың әлі қанша уақыт пайыздық үстемақысын күтетіні белгісіз. Белгілісі, банк алдындағы берешегі күн санап өсе бермек. Онсыз да мемлекеттік бағдарламадан әупірімдеп жүріп субсидия алатын шаруалар үшін аталған жағдай жығылғанға жұдырық болып тұр.
- Енді жаңадан Асқар Мырзахметов мырза келді. Енді осы кісі бас аяғын жинамаса, шаруалардың ауыл шаруашылық министрлігіне өкпесі бар қара қазандай, - деп кейіді шаруа.