Ғарышкерлер күніне орай аяқталуы тиіс "Феникс" атты фантастикалық триллерді уақытылы бітіре алмағанына министрді кінәлаған режиссер Талғат Жәнібеков видео мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Qamshy.kz NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап.
Видеода кинорежиссер Талғат Жәнібеков министр Арыстанбек Мұхамедиұлын пара сұрады деп айыптайды.
"Билік жұмыс істемейді. Біз ұрлық болып жатқанын дәлелдейтін құжаттарды көрсетудеміз. Ұрлыққа қатысы барлар арасында актер, продюсер, "Қазақфильм" продюсерлік орталығының вице-президенті Серік Жұбандықов және министр Арыстанбек Мұхамедиұлы бар. Мұхамедиұлының адамдары маған мүлдем келісімімді бере алмайтын сұрақтармен келді. Жоқ дегеннен кейін жобамызды тоқтатып тастады", - дейді Жәнібеков.
Айта кетейік, "Феникс" төңірегінде дау-дамай 2015 жылы басталған. Арыстанбек Мұхамедиұлы кей жерлері жөнге келтірілмегендіктен, жобаны қаржыландыру уақытша тоқтайтынын айтқан болатын.