Премьер-Министр бүгін Қостанай облысында жүр

/uploads/thumbnail/20170709040104041_small.jpg

Қазақстанның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Мемлекет басшының тапсырмасымен өңірлерге жұмыс сапарын жалғастыруда, - деп хабарлайды Qamshy.kz .

Үкімет басшысының баспасөз қызметі К.Мәсімов өңірдің дамуын жеке бағалау, сондай-ақ өзекті мәселелерді талқылау үшін Қостанай облысына келгенін хабарлады.

Атап айтқанда, Премьер-Министр тұрғын үй құрылыстарымен, автокөлік кластерінің дамуымен танысып, ауыл шаруашылығы мен металлургия кәсіпорындарына барады және халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жақсарту мәселелері бойынша жиналыс өткізеді.

Сонымен бірге, Кәрім Мәсімов ауыл шаруашылық кәсіпорын жетекшілерінің қатысуымен мал шаруашылығын дамыту туралы арнайы жиналыс өткізеді. Отандық өнеркәсіптердің қуаттылығын көбейту және өнімнің сапасын жақсарту мәселелеріне басты назар аударылады.  

Қатысты Мақалалар