Алматыда көп қабатты тұрғын үйді бит қаптап кетті

/uploads/thumbnail/20170709040105557_small.jpg

Алматыдағы Орталық стадионның қасындағы көп қабатты тұрғын үйдің (Досмұхамедов, 117) ауласына бит қаптап кеткен, - деп хабарлайды Qamshy.kz  «Время» басылымына сілтеме жасап.

Биттер тұрғындарға ауладан жабысып, тіпті олардың пәтерлеріне дейін кіріп алған. 1975 жылдан бері осы үйде тұратын азаматтардың өзі ешқашан бұндай жағдайға тап болмағандығын айтады. Биттерді жою үшін химиялық  препараттардың небір түрін қолданса да паразитттердің ауланы иеленіп алғаны сонша, арнайы у себілсе де қайтадан қаулап кетіпті. Тұрғындар битпен күресуге арнайы мамандарды да шақырған. Бірақ биттердің жойылатын түрі жоқ. Қазір жағдайды Алматы қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы өз бақылауына алған көрінеді. Бірақ қаланың ортасына биттің қайдан келгені әзірше белгісіз.

Қатысты Мақалалар