Дэвид Кэмерон 1985 жылы КСРО-ға қандай мақсатпен келген?

/uploads/thumbnail/20170709040113493_small.jpg

Кеңес Үкіметі сыртқы елдермен байланыста өте сақ болғаны белгілі. Шет елге барған әрбір азамат және сырттан келген әр адам жіті тексерілетін. 1985 жылы Британияның қазіргі премьер-министрінің  Кеңестер Одағына сапар шегуіне қатысты «Комсомольская Правда» басылымының шолушысы Евгений Черных жазушы Геннадию Евгеньевич Соколовпен жүргізген сұхбатында айтылады. Кезінде Ұлыбританияда қызмет істеп, саяси тақырыпта еңбектер жазған Г.Е.Соколов жас Кэмеронның сол сапарына қатысты біраз мұрағатты ақтарған көрінеді.

1985  жылы жазда Итон колледжін бітірген Дэвид Кэмерон досы Энтони Гриффитпен бірге КСРО-ға қыдырып келеді. Бұл сапары жөнінде Кэмеронның өзі кейін «Би-Би-Си»-ге берген сұхбатында айтқан. Кэмерон досымен бірге Ленинград, Ялта, Киев, Кишинев сияқты қалаларды аралаған.

Г.Н.Соколовтың айтуынша, 1920-30 жылдары Британия арнайы қызметі болашақ саясаткерлерді сынау үшін осындай «саяхатқа» жіберіп отырған. Сынақтан өтушінің қасында тәжірибелі тыңшы болған. Сапар соңында оны қандай қызметке лайық екендігі туралы белгілі бір нәтиже шығарылған. Мәселен, Ұлыбританияның болашақ қорғаныс министрі Дункан Сандс (Уинстон Черчиллдің күйеу баласы) Сыртқы істер министрлігінде жұмысын бастаған кезде  осындай «саяхатқа» шығып, барлау қызметінің сынағынан өткен. Сынақтан сәтті өткендігінің белгісі Дункан тыңшылық қызметте де, саясатта да беделді тұлғаға айналды. Кэмерон КСРО-дағы Ялтада «демалғанда» ағылшын тілін жетік білетін орыс азаматы онымен танысу арқылы қандай мақсатпен келгенін тексермек болған. Алайда Кэмеронның өз сапарының бүге-шігесі туралы ешқашан ашып айтпапты. Тіпті КСРО-да демалған сәттерінен суреттері де сақталмапты. Ол КСРО-ға сапары туралы Консервативтік партияның жетекшісі қызметіне кіріскеннен кейін бірақ жариялаған. Кэмеронның саясат жолында кедергісіз өсуіне КСРО-да КГБ-ға «ұсталмай», аман-есен оралуы негіз болса керек. 2010 жылы үкімет басына келген Кэмерон 200 жыл ішінде Британияның тұңғыш жас премьер-министрі ретінде белгілі.

Дайындаған Дана Қамшыбек

Қатысты Мақалалар