Шымкентте 5 жастағы қызды зорлады деген күдікті ұсталды (Видео)

/uploads/thumbnail/20170709040116196_small.jpg

Шымкентте 5 жастағы қызды зорлады деген күдікпен 34 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Qamshy.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2016 жылдың 11 шілдесінде кешкі уақытта жергілікті тұрғын полицияға шағым түсірген. Қыздың анасының айтуынша, 30-35 жас шамасындағы белгісіз ер адам оның 2011 жылы туған қызын зорлауға оқталғанын айтады. Оқиға орнына келген полицейлер Ордабасы ауданының 1982 жылы туған тұрғынын ұстады. 

Айта кетейік, бұл іс ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы бойынша ("Жас балаларды азғындық жолға түсіру") тіркелді. Ал сот-медициналық сараптаманың қорытындысы 5 жасар қыздың денесінен ешқандай дене жарақаттары анықталмағанын көрсетті. Қазіргі кезде полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Қатысты Мақалалар