Далласта қаза болған бес полицей қызметкерінің ақтық сапарға шығарып салу рәсімінде көңілі көтеріліп кеткен АҚШ-тың бұрынғы президенті кіші Джордж Буштың қылығы қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Qamshy.kz "Первый канал" -ға сілтеме жасап.
Ақтық сапарға шығарып салу рәсімінде орындалатын әуен басталғанда кенет көңілі көтеріліп кеткен кіші Буш бір жағына өз әйелінің, екінші жағында Мишель Обаманың қолынан ұстап, теңселіп, билей жөнеледі. Американың бірінші ханымы алғашқыда не істерін білмей қалғанымен, артынан күліп жіберді. Соңында салмақты түрмен тұрған Барак Обаманың өзі Буштың бұл қылығына күліп жіберді.
Кіші Буштың қайғылы сәттегі бұл қылығы әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсуде.