Жанат СЕЙТБЕКҰЛЫ 1962 жылы 14-шілдеде Шыңжаң Тарбағатай аймағы, Толы ауданының Долаты ауылында дүниеге келген. 1986 жылы Орталық ұлттар уинверситетінің қазақ тіл-әдебиет факультетін бітіргеннен кейін Тарбағатай аймағының «Тарбағатай газеті» редакциясында журналист, аудармашы және редакторлық қызметтер істеген. Ж.Сейтқазыұлы әріптесіміз ертең 54 жасқа толады. Ақынның туған күніне орай сіздердің назарларыңызға оның бір топ өлеңін беріп отырмыз.
Адам және шындық
Қаншама ақын айтсада,
Шырылдаған шындықты.
Әлі күні сенген жоқ,
Адам деген бул мықты.
Есінде жоқ ешкімнің,
Шын қуаныш, шын бақыт.
Өтірікті шықпыртса,
Шұлғып турып тыңдайды.
Әр пендеге ашылған,
Өмір деген ұлы есік.
Өтірікке шындық жүр,
Әйтеуғана ілесіп.
Сенбей жүріп кісілер,
Нағыз шындық дегенге.
Қорықанынан Тәңірден,
Мойындайды өлерде.
Ақыл алдындағы сөз
Ақылды жеңіркейді пендешілік,
Меншілдік пенделікке, сен де шылдық.
Бір сайға табанымыз симайтындай,
Жатсада мынау байтақ жер көсіліп.
Қоғаммен қу мүддені барымталап,
Тойасың тартқан етке жарым табақ.
Қарайсың ғалымға да күдікпенен,
Өзіңді онан асқан ғалым санап.
Кетесің құрмет қылса, әспенсіп,
Төріне момақанның атпен шығып.
Болған соң ауыз шіркін өзіңдікі,
Сөйлейсің даналарға шаң келтіріп.
Айта алмас арғы сырын дос қысылып,
Пендешілік деген бір ескішілік.
Қарайсың зиратқа да сол ниетпен,
Анау «бай», мынау «жарлы» деп түсініп.
Әркімге жармасып ап пендешілік,
Қойады лай суын көзге тұнық.
Пендешілік болмаса бул жалғанда,
Қалар-ау ызыңдаған желде тынып.
Сенде екен қазынам
Туған жер деп армандаған,
Жасаң жандар жамалын.
Селқос қана көріпті ғой,
Менің жастық – жанарым.
Сенде екенгой бар қазынам,
Мама шөккен тауларым.
Сенде екен ғой бар қазынам,
Менің текті бауларым.
Сенде екен ғой, әкем менің,
Еңбегімен көктеген.
Бәйтеректей тамыр тартып,
«Ұрпағым» деп шөлдеген.
Сенің түйір тастарыңды,
Алтын дәндей ардақтап.
Қайың-талын бесік етіп,
Сайларыңды мекендеп.
Сеннен тірлік іздеген!
Сен де екен ғой анам менің,
Ақжаулығы желпілдеп.
Тау гүліндей шешек атқан,
Ұрпақтарын мәпелеп.
Сенде екен ғой адалдығы,
Сүйгеніне анамның.
Арнап таза жүрегінен,
Бар мұқтажын ғаламның.
Сенде екен ғой жанаты да,
Сағаты да әлемнің.
Әрпенденің мұғжизасын,
Тірлігіңнен көремін.
Сен де екен ғой данасы да,
Панасы да әлемнің.
Сенде екен ғой, жарқыраған,
Қарашығы көзімнің.
Сенің шым-шым топырағыңнан,
Таусылмайтын нәр алып.
Сенде сөнсе қос жанарым,
Сүйгеніме қадалып.
Жанартау боп сенде атылсам,
Теңіз-мұхит демейтін.
Сенде жанған жұлдыз болсам,
Күн шықса да сөнбейтін.
Ей, ала атты жолаушы
Ей, ала атты жолаушы,
Айалдашы, қарашы?
Сәлем бердім иіліп,
Мен де ауылдың баласы.
Сенің мінген ала атың,
Бізде де бұрын болатын.
Қамытымен жетелеп,
Қырманға әкем баратын.
Олпы-солпы тұлғасы,
Бітімі кесек жануар.
Қысы-жазы сүйреткен,
Арба-шана тағы бар.
Бір кария сол кезде,
Айтыушы еді ала атты.
Еңбекшінің бағына,
Тәңірім өзі жаратты.
Ала атты жолаушым,
Жолыңды тостым кешерсің.
Жай сөзбен айтқан сырымды,
Еліңе айта жетерсің.
Ала ат емес бул күнде,
Машина мініп таң атты.
Сағынып жүрмін көре алмай,
Атқа мінген қазақты.
Ей, ауылдас ағайын
Күңкіл-күңкіл жеңгелер,
Көпті көріп білгірсіп.
Үйден-үйге қыдырып,
Өсек деген жүр қырсық.
Сүмбіл-сүмбіл келіндер,
Шынтуайтқа келіңдер.
Берекені қашырмай,
Заман жайын көріңдер.
Ұяң-ұяң қарындас,
Ашылмаған беттері.
Жұтаң-жұтаң жалаңбас,
Балалар жүр шеткері.
Селтең-селтең інілер,
Желке толы шаштары.
Күндіз түні білмеген,
«Угайдан» басқаны.
Кердең-кердең ағалар,
Ауылда жүр ақыл гөй.
Жаутаң-жаутаң мүйісте,
Дүкендерді жағалар.
Сүреңсіздеу халдары,
Бұл шашылып қайткені.
Қариялар қарманып,
Бүкшең-бүкшең еткені?!
Алшаң-алшаң баса алсаң,
Қарын тоқта ол басқа.
Қораңнан ит қашатын,
Не күн туған бул шақта.
Қарап көрсең өзгені,
Өртенбейме өзегің.
Намыс болса оңалар,
Келіп жетті кезегің.
Туған жер
Бір нүктесі он сегізмың ғаламның,
Ақ сәулесі адамға тән санамның.
О, туған жер, бейішпен тең қымбатсың,
Өйткені сен анасысың анамның.
Тамшысымен саған жауған нөсердің,
Оны ұқпасам, адам болмай кетермін.
Бұл ғаламның тұрып алақанында,
Жаратқанның бар мен жоғын көтердің.
Есіміңді қойған екен Байтыншы*,
Асаннан да бұрынырақ қай сыншы?!
Қос аққуға ұқсап жатқан айдының,
Жұбын жазбай аққанатын жайсыншы.
Сенің шешем топырағыңның нарқы ерен,
Неткен ыстық бәйге тосар нар төбең.
Енді ортайып бара жатқан жоқсың ба,
Бір тайпа елге сусын болған қарт өзен?!
О, туғанжер сенде бақыт, сенде құт,
Баражатсың тарих жүгін өңгеріп.
Дәл өзіңдей қасиетті бесікте,
Жатыр анам мәңгілікке тербеліп.
Ақ кесеңді ата бабам көтерген,
Әйгілісің бүгініңмен, кешеңмен.
Пайғамбардай қасиетті есімің,
Қадіріңе қалай жетсем екен мен!!
*Байтыншы жер аты.
Қайран қарттар
Тұғыр етіп туған таудың жотасын,
Елді көріп керім ойға батасың.
Қайран, қарттар сынап алып, соңынан,
Ағыл-тегіл беретұғын батасын.
Қара таудың қара бұйрат бөктерін,
Қанша жылдар табаныңмен таптадың.
Қара дөңде өзің айтқан тарихтан,
Қазаққа тән қанша ұғымды жаттадым.
Алақапты бөктерессап кетуші ең,
Торы атыңмен топты ортаға жетуші ең.
Өреге әкеп құртын жайған әжеммен,
Төс қағысып амандасып жатушы ең.
Жатсаң-тұрсаң елдің қамын жаттадың,
Ала жібін аттамушы ең басқаның.
Оңын тауып есейгенше немерең,
Жетеледің ізгілікке бастадың.
Қарттарым ау, сенен күдер үзбедім,
Қамыққанда тағы өзіңді іздедім.
Қазсадағы немерең мен шөберең,
Сарқылмайтын таусылмайтын кен едің!
Тұғыр етіп туған жердің жотасын,
Елді көріп керім ойға батасың.
Қайран, қарттар сынап алып соңынан,
Ағыл тегіл беретұғын батасын!!!
Жылдарға айтар сырым бұл
Жылдар сырлас қария, мен баламын,
Жыл... жолаушы, құшақ жайған дала кең.
Өмір деген ұлан асыр мереке,
Шашу шашқан жыл екен ғой ақ әжем.
Мезгіл ортақ патшаға да, құлға да,
Жыл бір бұлақ сырын шерткен жылға да.
Тірлік деген дастарқанның басында,
Ақ батасын беріп отыр жыл баба.
Адамдардың бала күнін, бал күнін,
Ұрлап алып жыл шашады жарлығын.
Жыл деген бір данышпанның алдында,
Ойын сомдап келді інім, балдызым.
Аспандағы айменен де, күнменен,
Жылдар құрдас көктемдегі гүлменен.
Шотқа салып онсегіз мың ғаламды,
Есептеп тұр қарт саудагер жыл деген.
Ей, адамдар, жыл бір жүйрік көлігің,
Бірақ, бірақ жылдан жүйрік көңілің.
Қуғындаған арты да жыл алды жыл,
Неткен қорқақ қояндайын өмірім.
Қорықпағын ақ қояным тірісің,
Сол жылдардың құшағында тынысың.
Отан деген алып ана тұрғанда,
Жер бетінде сен мықтысың тірісің.
Шәушек қалас, 2015 жыл..
Дайындаған Әлімжан ӘШІМҰЛЫ