Мәжіліс төрағасы кітап шығарушыларды қолдау шаралары туралы айтты

/uploads/thumbnail/20250424074750084_big.webp

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ұлттық кітап күні аясында өткен "Ұлттық кітап" байқауы жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсіміне қатысты.

Ұлттық кітап күні Қазақстанда биыл алғаш рет өткізіліп жатыр. Осыған орай "Ұлттық кітап" ұлттық байқауы ұйымдастырылып, онда отандық жазушылар, кітап шығарушылар, иллюстраторлар мен аудармашылар жеңімпаз атанды.

Ерлан Қошанов ең алдымен жақында ғана дүниеден озған көрнекті қазақ жазушысы, әдебиет майталманы Әкім Таразиды еске алып, көңіл айтты.

Ұлттық кітап күні Қазақстанда биыл алғаш рет өткізіліп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтай отырысында білімге құштарлықты, оқуға деген сүйіспеншілікті білдіретін мерекені белгілеуді тапсырған болатын. Осыған орай "Ұлттық кітап" ұлттық байқауы ұйымдастырылып, онда отандық жазушылар, кітап шығарушылар, иллюстраторлар мен аудармашылар жеңімпаз атанды.

Ерлан Қошанов ең алдымен жақында ғана дүниеден озған көрнекті қазақ жазушысы, әдебиет майталманы Әкім Таразиды еске алып, көңіл айтты.

Ерлан Қошанов өз сөзінде отандық кітап шығару саласындағы өзекті мәселелерге де тоқталды. Атап айтқанда, сыртқы нарыққа тәуелділік, қазақ тіліндегі әдебиеттің үлесі аз болуы және басқа да түйткілді жайттарға назар аударды. 

"Президент Ұлттық құрылтайда идеология саласындағы басты бағыттардың бірі – кітап шығару екенін баса айтты. Қазіргі таңда мемлекет бұл бағытқа ерекше көңіл бөліп отыр. Мысалы, Парламентте қызу талқыланып жатқан жаңа Салық кодексі жобасында депутаттар отандық кітап баспаларын қосылған құн салығынан босату жөнінде ұсыныс енгізді. Бұл мәселеде Үкіметпен ортақ шешімге келеміз деп үміттенеміз", – деді Мәжіліс төрағасы.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар