Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Атырау қаласының жаңа әкімін таныстырды, - деп хабарлайды Qamshy.kz Атырау облысы әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атырау қаласының әкімі қызметіне Серік Шәпкенов тағайындалды.
Шапкенов 1979 жылы 29 шілдеде Батыс-Қазақстан облысы Қаратоба ауылында дүниеге келген. Үйленген, екі баласы бар. 2000 жылы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университетінің экономист-математик мамандығын бітірген.
Серік Жамбылұлы Шәпкенов бұған дейін ҚР Президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және территориялық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет еткен. Ал оған дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.