Ақтөбедегі теракт кезінде жарақат алғандарға жергілікті қазынадан 9 миллион теңге бөлінеді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
-Ол күндері біз лаңкестік шабуылдардың құрбаны болған ақтөбеліктердің туыстарына барынша көмек көрсетуге тырыстық. Бірінші кезекте біз жерлеу рәсімінің шығындарын өз мойнымызға алдық. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың шешімімен әр отбасыға 5 миллион теңгеден бөлінді", - деді облыс әкімнің орынбасары Мадияр Қабыл.
Қазіргі уақытта 11 отбасына 400 мың теңгеден, бесеуі 500 мың теңгеден алса, бір отбасы 700 мың теңге, тағы бір отбасы бір миллион теңге берілген. Барлығы 18 отбасы көмек алды.
Естеріңізге сала кетйік, 5 маусымда Ақтөбеде теракт болып, оның салдарынан ондаған адам қаза тапты. Қазақстанда террорлық қауіптің сары деңгейі, ал Ақтөбеде қызыл деңгейі енгізілген еді.