Ниццадағы терактіні ДАИШ өз мойнына алды, - деп хабарлайды Qamshy.kz "Московский комсомолец" басылымына сілтеме жасап.
Бұл мәліметті DailyMail басылымы да Франциядағы өз дерекөзіне сілтеме жасап хабарлап отыр. "ДАИШ лаңкестері Ниццадағы терактіні өз мойнына алды", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, кеше 14 шілде Ниццада теракт жасалды. Жүк көлігі Бастилияны азат ету күнін мерекелеп жүрген бір топ адамды қағып өтіп, көліктен шыққан белгісіз адамдар маңайдағыларға оқ атқан.
Жергілікті билік қарулы шабуылды теракті деп санайды. Алдын ала мәлімет бойынша, 84-ге адам қаза тауып, 100-ден аса адам зардап шеккен.