Ниццадағы лаңкесті тоқтатпақ болған байкер құрбан бола жаздады. Бұл оқиғаның бейнежазбасы Желіде пайда болды, - деп хабарлайды Qamshy.kz tvzvezda.ru сайтына сілтеме жасап.
Видеоға қарағанда, байкер Ағылшын жағалауымен жүріп бара жатқан жүк көлігін қуып жетіп, оған мінбекке әрекеттеніп жүргізушіні тоқтатпақ болған.
Бұл сәтте франциялық полиция жүк көлігіне оқ жаудырған. Лаңкес байкерді сілкіп тастап, мотоциклші жүк көлігі доңғалағының астында қалды. Абырой болғанда ол аман қалды. Осыдан кейін полиция діттегеніне жетіп, жүк көлігінің жүргізушісін атып тастады.