40 жастағы алматылық танысының Еуропа чемпионатына тіккен ақшасына қалайда ұтыс шығарып беретіндігіне уәде еткен. Тігілген сома 30 мың долларды құрайды, деп хабарлайды Qamshy.kz BNews.kz -ке сілтеме жасап.
Полицейлердің мәліметі бойынша, ер адам танысынан көп мөлшерде ақша алып тұрып, ай сайын бір мың доллар көлемінде сыйақы алып тұратынын айтып сендірген. Ол дәл осындай жолмен тағы бір қала тұрғынын алдап соққан. Бірақ одан алған ақша алдыңғысынан үш есе аз.
-Зардап шегушінің арызынан кейін азамат Ким ұсталып, ҚР ҚК 128-бабы бойынша Алматы қаласы ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол ақша алғанын мойындады, дегенмен оны қарызға алғанын айтып бағуда. Істің мән-жайы сотқа дейін тергеу барысында анықталатын болады, - деді Әуезов ауданы ішкі істер басқармасы басшысының орынбасары Құмарбек Кеншінбаев
Полиция өкілдері күдіктінің атына Әуезов және Медеу аудандарының ішкі істер басқармаларына үш адамнан арыз түскенін айтты. Ұсталған адамның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғары тексерілуде. Полицейлер, күдіктіні таныған, және одан зардап шеккендер болса 298-53-01; 298-53-05 және 298-53-02 телефондарына хабарласуды сұрайды