TÜRKSAT-ты бомбалаған әуедегі тікұшақтың бірі Гөлбашыда атып түсірілді

/uploads/thumbnail/20170709041202409_small.jpg

«Түркияда әскер төңкеріс кезінде пайдаланылған TÜRKSAT-ты бомбалаған  әуедегі тікұшақтың бірі Гөлбашыда атып түсірілді» деп хабарлайды, «Türkiye» басылымы.

Премьер министрдің көмекшісі Нуман Куртулмуш «Біз соңына дейін төңкерісшілерге  қарсы тұрамыз. Халықтың бізге артқан сенімін соңына дейін қорғаймыз. Халқымыздан қолдау және дұға-тілек күтеміз. Түркия бүгінгі күнге халықтың тілеуімен жетті» деп мәлімдеді.  

Кеше кешке Түркияда ондаған миллион адам көшеге шыққан. Осы уақытта белгілі болғандай 754 адам ұсталған. Haberler.com-ның хабарлауынша, Стамбұлда әскери топ пен полиция арасында қақтығыстар жалғасуда. Оқиға орнында жараланғандардың нақты саны белгісіз. Ал Анкарада он жеті полицей мерт болған.

Қатысты Мақалалар