Ниццадағы терактіден төрт қазақстандық қаза болған

/uploads/thumbnail/20170709041341004_small.JPEG

Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі Туиттердегі аккаунтында хабарлап, қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

«ҚР азаматтары Панченко Любовь (1956), Панченко Марина (1983), Панченко Сильвия (2013) және Отта Наталья (1959) Ниццадағы теракті құрбаны болғанын қайғыра хабарлаймыз. Марқұмдардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қаза болғандардың туыстарына қажетті көмек көрсетеді», - делінген СІМ хабарламасында.

Естеріңізге салсақ, 15 шілде күні Францияның Ұлттық мейрамын тойлау кезінде Ниццада теракт болған еді. Қанды оқиғаны ДАИШ (ҚР аумағында заңмен тыйым салынған ұйым – ред.) ұйымы мойнына алды.

Қатысты Мақалалар