Композитор Еркеш Шәкеевтің ұлы Сафар Шакеев жоғалып кетті

/uploads/thumbnail/20170709041345817_small.jpg

Танымал сазгер, ақын әрі әнші Еркеш Шәкеев Алматыда жоғалып кеткен 25 жастағы ұлы Сафар Шәкеевті табуға жәрдемдесуді сұрады, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

«Достар, менің ұлым Сафар Шәкеев жоғалып кетті. Ол 16 шілде күні таңғы 7-лерде жоғалды. Соңғы рет оны Сейфуллин көшесімен жоғары Әль-Фарабиден өтіп бара жатқанда көрген. Ремизовка ауданына қарай бет алған болатын. Бойы 187 см. Үстінде осы қызғылт жейде мен көк джинсы болды. Бүгін көрген адамдар болса немесе қандайда бір ақпараты бар адамдар табылып жатса, жеке хабарлама арқылы хабарлассын немесе осында пікір қалдырсын. Мейлінше, көп репост жасаңыздаршы, өтініш. Мына нөмірлерге хабарласыңыздар - 87082214007, 87025658889, 87754788771, 87017663616», - деп жазды Е.Шәкеев Facebook-тегі парақшасында

С.Шәкеевтің достары хабарлағандай, туған-туыстары Алматы ІІД-не арыз жазған, қазіргі уақытта іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Із-түзсіз жоғалған Сафар Шәкеевті 50 полицейден тұратын мобильді топ іздеуде. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Еркеш Шәкеевтің ұлын іздестіруге еріктілер қажет.

Бұл туралы бүгін Фейсбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында Алматы қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшесі Бекнұр Қисықов мәлім етті.

«Сафар Шәкеев іздестіріліп жатыр. Әзірге нәтиже жоқ. Табылады  деген үміттеміз. Төле би көшесі мен Есентай өзенінің қиылысқан аумағынан  іздеу керек. Бізге еріктілер керек болып жатыр», - деп жазады Б. Қисықов.  

Іздестіру өндірісі аясында Медеу аудандық ІІБ бөлімшесінің қызметкерлері және Алматы қалалық ІІД Криминалды полиция Басқармасының өкілдерінен арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Сондай-ақ, іздеу шарасына 15 учаскелік полиция қызметкерлері де жұмылдырылған.

Бүгін Композитор Еркеш Шакеевтің ұлы Сафар Шакеевтің қайда екенін айтқан адамға 10 млн. теңге сыйақы берілетіндігі хабарланды.

Қатысты Мақалалар