ҚР СІМ Ниццада қаза тапқан қазақстандықтардың денесін елге жеткізуге жәрдем береді

/uploads/thumbnail/20170709041354879_small.jpg

ҚР СІМ Ниццада қаза тапқан қазақстандықтардың денесін елге жеткізуге жәрдем береді, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ануар Жайнақов мәлім етті.

Оның айтуына қарағанда, қазақстандықтардың мүрделерін Франциядан Қазақстанға жеткізу мерзімі әзірге белгісіз. 
«Біз Ниццада көз жұмған қазақстандықтардың денелерін елге жеткізуге қол ұшын беретін боламыз. Ол қашан болатыны туралы ақпарат жоқ», - деді ол. 

Еске сала кетсек, 14 шілде күні Ниццада болған лаңкестік әрекеттен Қазақстан азаматтары: Панченко Любовь (1956), Панченко Марина (1983), Панченко Сильвия (2013) мен Отто Наталья (1959) құрбан болған. Қазіргі уақытта ҚР СІМ олардың туған-туыстарымен барлық қажетті шараларды жасап жатыр.

Қатысты Мақалалар