Түркиядағы қақтығыстар салдарынан 290 адам қаза тапқан, - деп хабарлайды Qamshy.kz 24.kz -ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Түркияның сыртқы істер министрлігі өзінің ресми сайтында хабарлады.
Көз жұмғандардан бөлек, 1,4 мың адам жарақаттанған. «Өкінішке орай, біздің 190 азамат көз жұмып, 1,4 мың адам жарақаттанды»- делінген хабарламада. Айта кеткен жөн, министрліктің мәлімдеуі бойынша, қаза тапқан тағы 100 адам қақтығыстардың ұйымдастырушылары болған. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қақтығыстар кезінде қамауға алынған адамдар саны 6 мыңға дейін жеткені белгілі болды.