Ақтөбеде 2 мың ірі қарадан бруцеллез анықталды

/uploads/thumbnail/20170709041403129_small.jpg

Ақтөбеде жыл басынан бері 2 мың мүйізді ірі қара мен 800-ден астам ұсақ малдан бруцеллез анықталды, - деп хабарлайды Qamshy.kz Bnews.kz -ке сілтеме жасап.

Сарып ауруы анықталған малдың барлығы ет өңдеу цехтарына жіберіліп, ауру жұқтырған 16 адам емделді. Бұл туралы облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева айтты.

-Биыл облыста 16 адам сарып ауруын жұқтырды. Үшеуінің жасы 14-ке толмаған. Тексеру кезінде 13 жағдайда адамдарға сарып ауруы мүйізді ірі қара және ұсақ малдан жұққаны анықталып отыр. Ал өзге үшеуінің қалай бруцеллез дертіне шалдыққаны әлі күнге дейін белгісіз,- дейді облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.

Айта кетейік, осы жылдың алғашқы жарты жылдығында өңірдегі 240 мыңға жуық мүйізді ірі қарадан қан сынамасы алынып, олардың 2 мыңнан астамынан бруцеллез дерті анықталды. Ал тексерілген ұсақ мүйізді малдың 878-і сарып ауруына шалдыққан екен. Бруцеллез анықталған мал етінің барлығы ет өңдеу цехына тапсырылды.

«Қазіргі кезде Ойыл, Мәртөк, Темір мен Хромтау аудандарындағы көрсеткіш облыстық деңгейден жоғары. Ал сарып ауруы анықталған мал иелері серологиялық әдіспен тексеріліп, олардың 200-інде оң нәтиже байқалды. Адамдардың барлығы медициналық бақылауға алынды»,- дейді Н.Беркімбаева.

Қатысты Мақалалар