Алматыда атыс болып, Алмалы аудандық ІІБ мен ҰҚК маңы қоршауға алынды (Фото, видео)

/uploads/thumbnail/20170709041404614_small.jpg

Алматыда атыс болып, Алмалы аудандық ІІБ маңы қоршауға алынды, - деп хабарлайды Qamshy.kz Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, Никольский базарының аумағында атыс болып жатыр. Бұл жерде аудандық полиция басқармасы орналасқан. Сонымен қатар, куәгерлер көрші ғимараттардағы адамдарды кеңселерінен шығармай отыр екен.

Таяу маңда орналасқан кеңседегілердің айтуынша, 10 рет оқ атылған. "Бастапқыда тапаншамен бір-бірден оқ атылды, кейін жылдам атыла бастады. Белгісіз біреу қолына автомат ұстап алып, Байтұрсынов көшесінің бойымен жүгіріп өтті, кейін артынан полицейлер қуды", - дейді олар.

Қазіргі уақытта бұл маңда барлық көлік кері қайтып жатыр. Жол жиегін көліктерден тазарту жұмысы жүріп жатыр. 

Сондай-ақ, Алматыда ҰҚК Департаментінің ғимараты қоршауға алынды.

Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем мен полиция ғимарат алдына келіп тұр, жарақат алғандар туралы хабарланып отыр.

Қатысты Мақалалар