ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі сайттар мен әлеуметтік желілерге бұғаттау болмағанын айтты, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
"Ресурстардың қолжетімсіз болып тұрғаны - ақпарат ресурстардың орналасқан жеріндегі техникалық сервистің қуаты немесе трафиктің артуы себеп болған шығар. Министрлік тарапынан бұғаттау болған жоқ", - деп хабарлады ҚР Ақпарат және коммуникация министірлігінің баспасөз қызметінің ресми өкілі Әрсен Бектасов.
Ал телеарналардың жұмыс жасамауы туралы былай түсіндірді:
"Телеарналардың жұмыс жасамау себебі, бүгін профилактикалық және техникалық жұмыстар сағат 17.00-ге дейін жүргізіледі", - деді Бектасов.