ҚР ІІМ басшысы Қасымов жедел Алматыға келетін болды

/uploads/thumbnail/20170709041623506_small.jpg

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің жедел отырысы кезінде ІІМ басшысы Қалмұханбет Қасымовқа жедел Алматыға жетуді тапсырды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Бұл туралы премьер-министр Кәрім Мәсімов Twitter парақшасында жазды.

Естеріңізде болса, бұған дейін Алматы қаласындағы оқиғаларға байланысты Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің жедел отырысын өткізіп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Алматыдағы атысты теракт деп атаған Қазақстан Президенті қаза болғандар мен зардап шеккендердің туыстарына көңіл айтып, мемлекеттік органдарға оларға қажетті көмек көрсетуді тапсырды. 

Қатысты Мақалалар