Алматыда террористік қауіптің қызыл деңгейі алып тасталды

/uploads/thumbnail/20170709041630335_small.jpg

Алматыда террористік қауіптің қызыл деңгейі терроризммен күрес жөніндегі республикалық жедел штабтың жетекшісінің шешімі бойынша алып тасталды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Бұл туралы Алматы қалалық терроризммен күрес жөніндегі Штаб өкілдері хабар таратты.

"Қазақстан Республикасы Антитеррор орталығы Алматы қаласы аумағында шекті ("қызыл") террористік қауіптілік деңгейінің енгізілгендігі жөнінде хабардар етеді. Белгісіз біреулердің Алмалы аудандық ІІБ және ҰҚК Департаменті ғимараттарына шабуыл жасауы негіз болды. Шешімді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы  Қазақстан Республикасы Президентінің  2013 жылғы 9 тамыздағы № 611 "Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы" Жарлығы талаптарына сәйкес қабылдады", - делінген хабарламада.  

Айта кетейік, Алматыда атыс жасап, террористік әрекетке барған екі ер адам да ұсталды.

Қатысты Мақалалар